поддержка PHP 7
  • Lorem ipsum dolor sit amet
  • Consectetur adipiscing elit
  • Suscipit porta sapien sed
  • Praesent sed faucibus
  • Vestibulum ut laoreet
  • Cras semper faucibus

Бүгінде Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ еліміздегі ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі саналады. ТарМУ облыстағы жалғыз мемлекеттік көпбейінді жоғары оқу орны болып табылады.

ТарМУ-дың негізгі бағыты – әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.

Университетте жалпы көлемі 73924,4 шаршы м. құрайтын 14 оқу-лабораториялық ғимарат және жаңа өлшеу құралдарымен жабдықталған 155 лаборатория бар.

Университетте 5 жабық спорт залы, студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға арналған Жастар сарайы, 680 орындық 2 жатақхана, «Жасөркен» спорттық-сауықтыру лагері, асханалар, кафе және буфеттер бар.

Оқу үдерісінде 85 интерактивті тақта,1852 заманауи компьютерлер пайдаланылады, олардың 1852-сі Интернет желісіне қосылған. Университеттің кітап қоры 1391765 дана кітапты құрайды. Кітап қорының соңғы 5 жылда толығуы орташа есеппен 4% немесе 56262 дана, мемлекеттік тілдегі әдебиет – 15,4%, электронды ақпараттық қорларға қолжетімділік қамтамасыз етілген.

2013 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, күндізгі бөлімдегі студенттер контингенті 6992 студентті құрайды (оның ішінде мемлекеттік білім беру гранты бойынша түскендер саны - 1225), сырттай оқыту түрі бойынша – 4806, қашықтан оқыту түрі бойынша 4255 студент, 521 магистрант және 6 докторант.

Университеттің отандық және халықаралық өлшемдерге сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті, жаңаша ойлайтын және отансүйгіштік бағытта тәрбиеленген мамандарды дайындауды, Жамбыл өңірінің экономикалық өрлеуіне ықпал жасайтын және өсіп-өркендеуін қамтамасыз ететін ғылыми-зияткерлік және ақпараттық-мәдени ортасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін миссиясын жүзеге асыру, ТарМУ-да білім беру үдерісін кең ауқымда жаңалауға және әлемдік білім беру кеңістігіне табысты кірігуге мүмкіндік береді.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының институционалды аккредиттеу стандарттарының критерийлеріне және талаптарына толық жауап береді.

Back to top